«Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің  30 жылдығына орай, біздің колледжде Оралхан  Бөкей атындағы Қалалық орталық кітапхананың қызметкерлері «Менің Туым! Менің Елтаңбам! Менің Әнұраным!» тақырыбында шара өткізді. Шара барысында талқылауға студенттер белсенді ат салысқан интерактивті презентация қазақ және орыс тілінде жүргізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің шығу тарихына, негізгі элементтерінің нені білдіретініне  айрықша көңіл бөлінді. Кездесу Мемлекеттік әнұранды орындаумен аяқталды

Поделиться: