Өскемен экономика және қаржы колледжінде 06.12.21ж. бастап кәмелеттік жасқа толмаған студенттер арасында жаппай егу бойынша үздік топқа арналған «Ғаламшарды сақтаймыз, пандемияны тоқтатамыз!» акциясы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша, жетекшісі – Мұстафина Сағыныш Жанахметқызы, 19БР-31к тобы екпе алған студенттердің санын 100 пайызға бірінші болып толтырып, бас жүлде – кинотеатрға жолдама алды. Құттықтаймыз!