Өскемен экономика және техника колледжі Жеңістің 80 жылдығымен ардагерлерді құттықтады
1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемен экономика және техника колледжінің директоры Ерсайын Ахметуәлиұлы студенттермен бірге соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін арнайы барып құттықтап, олардың ерлігіне, қаһармандығы мен жанқиярлық еңбегіне терең құрмет білдірді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.
Бұл шара — жеңімпаз ұрпаққа деген шынайы алғыстың көрінісі. Ардагерлердің ерлігі, табандылығы мен Отанға деген адалдығы жас ұрпақ үшін әрдайым үлгі болмақ. Колледж директоры тарихи жадымызды сақтау маңыздылығын атап өтіп, ардагерлерге шынайы ризашылығын білдірді.