Қазақ тілі мен қаржылық сауаттылық: колледж студенттері тұлғалық даму жолында
Өскемен экономика және техника колледжінде «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы өкілдерімен студенттердің кездесуі өтті. Іс-шара «Менің елім – менің тілім» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Кездесудің мақсаты – қазақ тілін жастар арасында насихаттау, оның қоғамдағы қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру.
Шара барысында қатысушыларға мемлекеттік тілдің ұлттық бірегейлік пен патриоттық тәрбиенің маңызды құралы екені түсіндірілді. «Жастар рухы» өкілдері студенттерді күнделікті өмірде, оқу үдерісінде және болашақ мамандықтарында қазақ тілін белсенді қолдануға шақырды.
Сонымен қатар, қаржылық сауаттылық бойынша танымдық сессия өтті. Онда жастар жеке бюджетті жоспарлау, жинақтың маңызы және қаржыны ұтымды басқару негіздерімен танысты.
Мұндай іс-шаралар жастардың жан-жақты дамуына, патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді.