Талапкер күнтізбесі

Талапкер күнтізбесі


Тұлғалардың білім беру ұйымдарына оқуға өтініштерін қабылдау:

1)орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша:

мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына негізгі орта білім беру базасында (9 – сыныптар) — 2025 жылғы 20 маусым — 18 тамыз аралығында; жалпы орта білім беру (11-сынып), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (колледж) базасында — 2025 жылғы 20 маусым-20 тамыз аралығында;

ақылы негізде оқудың күндізгі нысанына – 2025 жылғы 20 маусым — 25 тамыз   аралығында;

сырттай оқу нысанына — 2025 жылғы 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін

2) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша — 2025 жылғы 20 маусым — 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына — 2025 жылғы 31 тамызға дейін;

2) сырттай оқу нысанына — 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін;

3) кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлауға 2025 жылғы 18 тамызға дейін.


Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау: оқудың күндізгі нысанына – 2025 жылғы 31 тамызға дейін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүргізіледі.


Сізді қызықтырған сұрақтарға жауапты қабылдау комиссиясынан мына мекенжай бойынша алуға болады: Өскемен қаласы, Бажов көшесі, 68

Жұмыс уақыты: дүйсенбіден сенбіге дейін 8.00-ден 18.00-ге дейін

демалыс күні-жексенбі.

Көлікпен жүру: автобустар: 2, 5, 8, 43, 261 («Алтайэнерго» аялдамасы)


«Колледжіне құжаттарды қалай тапсырады» Нұсқау 2025 ж.


Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы

https://adilet.zan.kz/rus/docs/P1200000264#z2

Поделиться: