«Имандылық жүректе, ізгілік ниетте»

Жас ұрпақты гуманистік құндылықтың ең биік шыңы имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Имандылық жүректе, ізгілік ниетте» атты NET WORKING-алаңы ұйымдастырылды. Оған Өскемен қаласындағы «Экономика және қаржы» колледжінің 2 курс   студенттері белсене қатысты. Шарада қатысушылар берілген тапсырмаларды қорғап, өз ойларын еркін жеткізді. Жастардың назарына «Исламдағы келісім», «Тұлға», «Өмірін өз қолында», «Өмірдің мәні» атты кітаптар таныстырылып, оқуға ұсынылды.

Поделиться: