Жұмысшы мамандықтар  жылы: «Қазцинк» АҚ әлеуметтік серіктесімен бітіруші түлектермен кездесуі

 

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында біздің колледждің әлеуметтік серіктесі – «Қазцинк» АҚ компаниясы бітіруші түлектермен студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіби даму, өндірістік практика және әрі қарай жұмысқа орналасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер кәсіпорынның тәжірибелі металлургтарымен кездесіп, олардың мансап жолымен танысты. Олар өз еңбек жолын жұмысшы мамандықтарынан бастап, біртіндеп жаңа дағдыларды меңгеріп, оқудан өтіп, біліктіліктерін арттыру арқылы басшылық лауазымдарға дейін көтерілгенін айтып берді. Мамандар бұл салада жетістікке жету үшін жауапкершілік, табандылық және даму ниеті қажет екенін атап өтті.

Металлургтер өз жұмыстарының ерекшеліктерімен бөлісіп, технологиялық процестерді сақтаудың маңыздылығын, сондай-ақ жұмыс барысында кездесетін қиындықтарды айтып берді. Олар металл қорыту, өнім сапасын бақылау және командалық жұмыстың бұл саладағы ажырамас бөлігі екенін ерекше атап өтті. Кездесу барысында жас мамандар үшін мүмкіндіктерге де ерекше мән берілді. Компания өкілдері «Қазцинк» АҚ жаңа кадрларды даярлауға мүдделі екенін және олардың кәсіби қалыптасуына қажетті жағдайларды, оның ішінде тәлімгерлік, тағылымдамалар және жұмыс орнында бейімделу мүмкіндіктерін ұсынатынын айтты.

Мұндай кездесулер студенттерге өндірістегі жұмыстың ерекшеліктерін тереңірек түсінуге, өздерінің мансаптық жолын саналы түрде таңдауға және құнды практикалық білім алуға көмектеседі. Ал жұмыс берушілер болашағы зор, кәсіпорынның дамуына өз үлесін қоса алатын білікті қызметкерлерді табуға мүмкіндік алады.

Поделиться: