«Қазақ теңгесі – мемлекет мәртебесі»

 

Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері, ұлттық валютамыз – теңгенің тарихына терең бойлау мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні қарсаңында Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханасында болды. Олар үшін кітапханаға танымдық экскурсия ұйымдастырылып, одан кейін тақырыптық іс-шара өткізілді, оның барысында студенттер валютамыздың қалай пайда болғаны туралы білді және «Қазақ теңгесі – мемлекет мәртебесі» көрмесінде қызықты материалдармен танысты.

Қазақстанның ұлттық валютасының қалыптасуы мен дамуы және «Сақ стилі» банкноттарының жаңа сериясының шығарылуы туралы фильмдер көрсетілді.

Іс-шараның соңында викторина өткізілді — барлық қатысушылар үшін ойын ойналды!

Поделиться: