Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!

Отан үшін, елі мен жерінің тыныштығы үшін, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ете отырып, колледж студенттерін Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында,  тарих пәнінің оқытушысы Ожаева Бахытнур Бахытбековна ИС-11, ТМ-11 топтарына  «Ауған  соғысы ардагерлеріне тағзым!» тақырыбында кіріктірілген –  интеллектуалды тәрбие іс – шарасын өткізді.

1989 жылы, ақпан айының 15- ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды. Оқушыларға Ауған соғысының аяқталуының 32 жыл төңірегі жөнінде көптеген мәліметтер айтылып, талқыланып, аяғы қызықты да қайғылы сұрақ – жауап арқылы естелік әңгімелермен жалғасты.

Поделиться: