«Менің сүйікті кітабым» акциясы

Өскемен экономика және қаржы колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» акциясы өтті.  Бұл акцияның басты мақсаты – кітапхананы кеңінен насихаттау, оқушыларды кітап оқуға баулу, жастардың рухани-адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамыту. Акцияға қатысушылар өздерінің сүйікті шығармалары туралы айтып, оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп, шығармалардан қызықты да есте қаларлық жолдарды дауыстап оқыды.

Поделиться: