14.06.2023 жылы ерте жүктіліктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың денсаулығын қорғау, ӨЭжҚК студенттерінде гигиеналық нормаларды қалыптастыру мақсатында Вита-1 емханасының қызметкерлері «Ерте жүктіліктің алдын алу. Репродуктивті денсаулық. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. Гигиена» тақырыптарына дәріс өткізді. Дәріс мазмұнды болды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ көптеген жаңа және қажетті ақпаратты білді.