18.04.2023ж. жастар ортасында қылмыстың, сондай-ақ кәмелетке толмағандар жасаған басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында колледжде КТИ полиция аға лейтенанты Гилланұлы Алмаспен білім алушылардың кездесуі ұйымдастырылды. Әңгіме барысында ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік қозғалды. Студенттерге қылмыстық жауапкершілік қай жылдан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны түсіндірілді. Кәмелетке толмағандар жөніндегі Инспектор көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауды, коменданттық сағатты ұмытпауды қатаң ұсынды. Ол балаларға алкоголь мен темекіні тұтынудың зияны туралы еске салды, сонымен қатар бұл тәуелділіктің қауіпті екенін түсіндірді.

      Студенттер инспекторды мұқият тыңдап, оларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

Поделиться: