Өскемен экономика және қаржы колледжінің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 09.03.22-31.05.22 аралығында түлектері қаланың және облыстың жетекші кәсіпорындарында өндірістік практикадан өтеді. Практикалық оқыту меңгерушісі Л.В.Шатурная практиканттарға арналған нұсқаулық ұйымдастырып өткізді, онда студенттер өздерінің экономикалық пәндер оқытушылары И.В.Голубева мен Ж.Д.Умутбаеваның қажетті құжаттамасы мен нұсқаулықтарын алды.