2022 жылдың 18 ақпанында Өскемен экономика және қаржы колледжінде жас оқытушы Л.С.Какимова 20ТП-21р тобының студенттері арасында «Бағдарламалау ережесі бойынша ойын» сайысын дайындап өткізді. Белсенді  қатысқандары үшін келесі студенттер : Губушкина Римма және Сухоносенко Роман мадақтамамен марапатталды.

Студенттер информатика, алгоритмдеу және бағдарламалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу технологиясын жобалау, аппараттық қамтамасыз ету, кеңсе қосымшаларында бағдарламалау бойынша білімдері мен дағдыларын қолданды. Бағдарламалаудағы табыс колледж студенттеріне WorldSkills кәсіби шеберлік байқауына дайындалуға көмектеседі. Байқау студенттердің танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық белсенділігін дамытады.

Поделиться: