2021 жылдың 13 қазан күні «ӨЭжҚК» ЖШС мен «ExpertFinance» ЖШС «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының бітіруші топ студенттерін дуальды оқыту туралы келісімге қол қойды. Шараға «ExpertFinance» ЖШС бас директоры Елена Сергеевна Мартынова мен колледждің тәжірибелік сабақ меңгерушісі Шатурная Людмила Викторовна қатысты. Колледж студенттерді дуальды оқыту аясында қала кәсіпорындарымен әлеуметтік серіктестікті белсенді дамытуда.