ӨЭжҚК студенттеріне құқықтық білім беру

2021 жылдың 28 сәуірінде Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері: капитан Муратова Асем Оралбекқызы мен лейтенант Қуанышев Тоқтар Аманжолұлы Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме әңгіме өткізді. Әңгіме барысында студенттерге Қылмыстық және әкімшілік кодекстің кейбір баптары түсіндірілді. Іс-шара нәтижесінде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Поделиться: