2020 жылғы 30 қазанда ӨЭжҚК қызметкерлері: Сембина Шырайлым Қайратқызы — директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары, Шатурная Людмила Викторовна — практикалық оқыту және жұмыспен қамту бөлімінің меңгерушісі, Мустафина Сағыныш Жанахметқызы — колледж әдіскері, Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы және Өскемен жоғары политехникалық колледжі ұйымдастырған «Білім беруді дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары» (халықаралық қатысуымен) аймақаралық қашықтықтан өткізілген педагогикалық конференциясына қатысты. Конференцияның мақсаты — қазақстандық білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін талқылау. Конференция соңында қатысушылар электронды сертификаттар алды.
Құттықтаймыз!