Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Өскемен экономика және қаржы колледжінің әкімшілігі тыл еңбеккерлері-Прищепчик Марат Викторович пен Прищепчик Нина Николаевнаны құттықтады. Колледж директоры Нәбиев Ерсайын Ахметүәлиұлы Прищепчик отбасына ізгі тілектерін білдірді.
Прищепчик Марат Викторович 1933 жылы туған Белоруссияны азат ету жасағында партизан болған.
Прищепчик Нина Николаевна 1934 ж.т., 1941-1945 ж. Ж. Белоруссияда бала бола отырып, көркем топтың құрамында госпитальдарда жараланғандардың алдында өлеңдер мен әндер шырқады. 1957-1992 жылдары Өскемен экономика және қаржы колледжінде оқытушы болып жұмыс істеді. Колледжде ардагерлер ұйымының төрағасы болып табылады. Қазіргі уақытта «Креничка» ұжымының қатысушысы, белсенді қоғамдық қызмет атқарады.
Сіздерге көптеген жылдар бойы зор денсаулық, рух сергектігін тілейміз!
Мейрамыңызбен! Ұлы Жеңіс күнімен!