Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың татулығы, бірлігі мен ынтымақтастығы — тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің елеулі жетістігі және көп ұлтты еліміздің басты бағдары.
Халқымыздың мызғымас достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Сіздерге таусылмас қуат, зор денсаулық, ұзақ мәнді өмір, отбасыларыңыздың бақыт пен шаттыққа кенелуін тілейміз!