Колледж түлектерінің ҚАЕУ өкілімен кездесуі

 

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алып жатқан Өскемен экономика және техника колледжінің бітіруші топтары Қазақстан-Америка еркін университетінің (ҚАЕУ) өкілімен кездесуге қатысты. Кездесу жоғары оқу орнында білімін жалғастыру және ақпараттық технологиялар саласында кәсіби дамудың өзекті мәселелеріне арналды.

Студенттер алдында ҚАЕУ-дың халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Дэниел Белласт сөз сөйледі. Ол өз сөзінде қазіргі заманғы білім беру жүйесінің мақсаты – тек техникалық мамандарды емес, цифрлық дәуірдің болашақ көшбасшыларын даярлау екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, білім беру тек теориялық білім берумен шектелмеуі керек, сонымен қатар жаһандық ойлау қабілетін, өз-өзіне сенімділікті, халықаралық ортада жұмыс істеу машығын және үнемі дамуға ұмтылысты қалыптастыруы тиіс.

Сондай-ақ ҚАЕ У-да білім алудың мүмкіндіктері туралы айтылды: халықаралық бағдарламаларға қатысу, академиялық ұтқырлық, ағылшын тілінде оқу және студенттерге оқу барысында жан-жақты қолдау көрсету.

Кездесу нәтижелі және шабыттандыратын атмосферада өтті. Шара студенттерге жаңа мүмкіндіктер мен болашаққа деген сенімділік сыйлап, олардың кәсіби даму жолындағы бағыттарын айқындауға көмектесті.

Поделиться: