КАСУ-мен халықаралық ынтымақтастық: Германиядан келген сарапшы колледжде семинар өткізді

 

Өскемен экономика және техника колледжінде жастардың менталдық денсаулығына арналған “Mental Health for Young People” тақырыбында семинар өтті. Іс-шараның спикері — Мюнхен (Германия) қаласындағы Start2 Group халықаралық компаниясының контент жасау жөніндегі менеджері Макс Фурманн болды.

Кездесу барысында стресс, мазасыздық пен күйзелістен қалай арылуға болатыны, сонымен қатар оқу мен күнделікті қарбалас жағдайында менталдық саулықты қалай сақтау керектігі жайлы маңызды тақырыптар талқыланды. Макс Фурманн пайдалы кеңестер беріп, өзін-өзі қолдау бойынша практикалық тәсілдермен бөлісті.

Семинар жылы әрі ашық атмосферада өтті. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Колледжіміз алдағы уақытта да осындай іс-шараларды ұйымдастырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, студенттер үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруды жоспарлап отыр.

Поделиться: