Колледжішілік волейбол турнирі

 

Өскемен экономика және техника колледжінде ұлдар мен қыздар арасында колледжішілік волейбол турнирі өтті. Жарысқа 1, 2 және 3 курс командалары қатысып, өз шеберліктерін, рух күшін және командалық бірлікті көрсетті.

Ойындар қызықты әрі тартысты өтті. Командалар жоғары техникалық дайындықтарын, тактикалық ойлау қабілеттерін және жеңіске деген ұмтылыстарын көрсетті. Әр команда жеңіске жетуге тырысып, жанкүйерлер өз достарына белсенді қолдау көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табысталды. Бұл жарыс қатысушыларға ерекше әсер, спорттық ынта-жігер сыйлап, студенттер арасындағы достық байланыстарды нығайтты.

Поделиться: