Жұмысшы мамандық жылы: студенттердің елдегі ірі кәсіпорындардың бірі – АО «УК-ТМК»-да тәжірибеден өтуі
Өскемен экономика және техника колледжінің «Автомобиль көлігін техникалық пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету» мамандығы бойынша білім алатын студенттері еліміздегі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі – «УК-ТМК» АҚ базасында өндірістік тәжірибеден өтуде. Бұл оларға заманауи автокөлік пен өнеркәсіптік өндірісте қолданылатын арнайы жабдықтармен жұмыс істеуді меңгеруге мүмкіндік береді.
Тәжірибе – бұл оқу процесінің бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар ірі кәсіпорынның жұмысына тікелей қатысуға арналған нақты мүмкіндік. Студенттер күнделікті өндірістік процестерде қолданылатын техниканы тексеру, диагностика жасау және жөндеу жұмыстарымен айналысады. Олар техникалық мәселелерді жедел шешуді, алған білімдерін тәжірибеде қолдануды және білікті тәлімгерлермен бірлесе жұмыс істеуді үйренеді.
Мұндай оқыту тәсілі түлектердің өз күшіне деген сенімділігін арттырып, олардың бәсекеге қабілетті маман болуына ықпал етеді. «УК- ТМК» АҚ-да алған тәжірибе жас мамандар үшін табысты мансапқа берік