Таза сессия

 

Өскемен экономика және техника колледжі Жастар ісі жөніндегі комитеттің (ЖІК) бастамасымен “Таза сессия” науқаның бастады. Науқан мақсаты – студенттердің құқықтық санасын, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзуға төзбеушілікке тәрбиелеу.

 

Науқан академиялық адалдықты дамытуға және емтиханға сәтті дайындалу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бағдарлама аясында ақпараттық науқандар, оқытушылармен кездесулер және уақытты тиімді жоспарлау бойынша тренингтер өткізіледі. Олар студенттердің өзін-өзі ұйымдастыру және жауапкершілік деңгейін арттыруға көмектеседі.

 

“Таза сессия” білімнің, адалдықтың және уақытты басқару қабілетінің табыс пен өзін-өзі дамытудағы маңыздылығын көрсетеді.

 

Поделиться: