Ұлттық валюта күні

 

2024 жылғы 15 қарашада Өскемен экономика және қаржы колледжінде ұлттық валюта күніне және қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесіне арналған іс-шара өтті.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын студенттер арнайы пәндер оқытушысы Т.Г. Клиновицкаямен бірлесіп, танымдық іс-шара дайындады, онда отандық волютаның тарихымен, ақша жүйесі туралы қызықты фактілермен таныстырды және тақырыптық конкурстар өткізді.

Мереке студенттердің ой-өрісін кеңейтуге және қаржылық сауаттылығын арттыруға көмектесті.

Поделиться: