Колледж түлектерінің ҚАЕУ өкілдерімен кездесуі

 

«Есеп және аудит», «Менеджмент», «Маркетинг» мамандықтары бойынша білім алып жатқан Өскемен экономика және техника колледжінің бітіруші топтары Қазақстан-Американдық еркін университетінде (ҚАЕУ) өткен таныстыру кездесуіне қатысты.

Кездесу барысында студенттерге жоғары білім деңгейінде оқуын жалғастыру мүмкіндіктері, колледж түлектері үшін қабылдау шарттары, қысқартылған оқу бағдарламалары, қолжетімді гранттар мен жеңілдіктер туралы ақпарат берілді. Әсіресе халықаралық бағдарламалар, академиялық ұтқырлық және шетелде тәжірибеден өту мүмкіндіктері студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.

Шара кезінде қатысушылар оқу үдерісінің форматы, жатақхана жағдайы және жоғары оқу орнын бітіргеннен кейінгі мансаптық мүмкіндіктер жайында сұрақтар қойды.

Мұндай кездесулер студенттердің кәсіби бағдарын айқындауына көмектесіп, колледж бен жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтады.

Поделиться: