«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында

қайырымдылық акциясы өтті

 

Өскемен экономика және техника колледжінің еріктілер клубы «Аманат» партиясының жастар қанатымен бірлесіп, тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық акциясына қатысты.

Іс-шара барысында белсенді жастар 75 жастағы Людмила және Юрий Сидоровтарға, сондай-ақ 96 жастағы тыл ардагері Нұрғакия Төкежановаға көмек көрсетті. Еріктілер аула аумақтарын қардан тазалап, күнделікті тұрмыстық мәселелерді шешуге жәрдемдесті.

Аталған бастама үлкендерге құрмет көрсетуді, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Қатысушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар тек нақты көмек көрсетумен шектелмей, жастарды мейірімділікке, жауапкершілікке және үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.

Колледж бірнеше жыл бойы ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар бастамаларды тұрақты түрде жүзеге асырып, сондай-ақ маңызды әлеуметтік жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысып келеді.

Поделиться: