ҚР Президент тапсырмалары аясында: Өскемен экономика және техника колледжінде білім беруді цифрландыру
Қазақстан Республикасының Президенті тамыз конференциясында педагог қызметкерлерге арнап сөйлеген сөзінде білім беру жүйесінде цифрлық трансформацияны жеделдету – ең маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Ол әлемнің жаңа технологиялық дәуірге қадам басқанын және «прогрессивті ұлт» пен «технологиялық ұлт» ұғымдары бүгінде синонимге айналып отырғанын жеткізді.
Осы тұжырымдаманы іске асыру аясында Өскемен экономика және техника колледжінде мамандар мен оқытушылар «Химия», «Физика», сондай-ақ «Автокөлікті техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» пәндері бойынша виртуалды-практикалық жұмыс курсын толық меңгеріп шықты.
Бұл оқыту үрдісі оқытудың сапасын арттыруға және білім беру процесіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған