29 қыркүйек күні Өскемен экономика және техника колледжінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен ұстаздармен кездесу өтті.
Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, онда жас мамандардың кәсіби қалыптасуындағы ұстаздардың рөлі мен педагогикалық еңбекке құрмет дәстүрін сақтау мәселелері талқыланды.
Колледж оқытушысы Азамат Талғатұлы өзінің ұстазы — Еримбетова Аманкүл Налжигитқызы мен кездесті. Салтанатты жағдайда оған ұзақ жылдар бойғы еңбегі, жоғары кәсібилігі және білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хат табыс етілді.
Аманкүл Налжигитқызы мол педагогикалық тәжірибеге ие және бүгінгі күнге дейін өз білімін шәкірттерімен бөлісіп, жас ұрпақты тәрбиелеуде.
Мұндай кездесулер педагогикалық дәстүрлердің сабақтастығын нығайтып, ұстаз мәртебесінің маңыздылығын айқындайды.