Маркетинг және Мансапты Дамыту Орталығы — Өскемен экономика және техника колледжінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталықтың негізгі мақсаты – колледждің оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруға, студенттердің дүниетанымын кеңейтуге және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тренингтер мен білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, сондай-ақ Шығыс өңірінде тұратын әрбір азаматтың кәсіби дамуына мүмкіндік жасау.
Маркетинг және Мансапты Дамыту Орталығының қызмет бағыты:
Орталық колледждің негізгі басымдықтарына сәйкес кәсіби даму саласында біліктілікті арттыру, қайта даярлау, кәсіби білім мен дағдыларды тереңдету бойынша жоғары сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға маманданған.
Негізгі бағыттары:
- Оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру және өткізу;
- Экономикалық бағыттағы тренингтерді қала тұрғындары мен барлық ниет білдірушілер үшін өткізу;
- Қалалық ұйымдармен бірлескен жобаларды ұйымдастыру;
- Семинарлар мен тренингтер өткізу;
- Бизнес-тренингтер ұйымдастыру.
Тренингтер Шығыс Қазақстан облысы ұйымдарының нарықтағы сұраныстары мен қажеттіліктерін талдау негізінде әзірленген.
Маркетинг және Мансапты Дамыту Орталығы ұсынатын тренингтік бағдарламалардың атаулары:
- Тиімді сату (Эффективные продажи)
- Сату техникасы (Техника продаж)
- Жарнама және маркетинг (Реклама и маркетинг)
- Тиімді менеджер (Эффективный менеджер)
- Ұйымдағы адам ресурстарын басқару (Управление людьми в организации)
Қысқа мерзімді курстар:
Қысқа мерзімді курстар бағдарламасы еңбек нарығының білікті мамандарға деген сұранысын ескере отырып әзірленген. Курстардың оқу мерзімі – 1 айдан 6 айға дейін.
Қалалық ұйымдармен бірлескен жобалар:
Өскемен экономика және техника колледжі қаланың мектептерімен бірлесіп «мектеп–колледж–жоғары оқу орны» бағдарламасы аясында жобалар әзірлеуде. Сонымен қатар аймақтағы бизнес және өндіріс ұйымдарымен өзара іс-қимыл бағдарламалары жасалып, бірлескен тренингтер мен семинарлық жобалар жүзеге асырылуда.
