Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері WorldSkills іріктеу турнирінде III орын иеленді

Өскемен экономика және техника колледжінің командасы 2025 жылғы 4–5 қыркүйек аралығында Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасындағы Лу Бан шеберханасында өткен WorldSkills кәсіби шеберліктің әлемдік чемпионатының «Автомобильдерді техникалық қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі бойынша іріктеу турнирінде оқу орнымызды абыроймен таныстырды.

Команда құрамына «Техник-механик» мамандығы бойынша білім алып жүрген колледж студенттері кірді:

  • Черепанов Иван Витальевич
  • Жомартов Сержан Жомартұлы
  • Калиолла Айбарс Айварұлы
  • Денисов Денис Дмитриевич

Команданың жетекшісі – арнайы пәндер оқытушысы Манарбекұлы Шыңғыс.

Жарыс қорытындысы бойынша студенттер жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, кәсіби білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дәлелдеп, III орынға ие болды.

Бұл жетістік студенттер үшін де, бүкіл колледж үшін де маңызды нәтиже болып табылады. WorldSkills чемпионатына қатысу кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға, жаңа дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ оқу орнының беделін арттыруға ықпал етеді.

Командамызды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Поделиться: