«СтартПрофи – Shygys» жобасы: Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарындағы кәсіби бағдар беру жұмысы
Өскемен экономика және техника колледжінің «СтартПрофи – Shygys» жобасының мобильді тобы Катонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастырды. Іссапар аясында колледж оқытушылары жергілікті мектептердің 9–11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға колледждің білім беру бағдарламалары, өңірде сұранысқа ие мамандықтар, сондай-ақ мемлекеттік білім беру гранты негізінде кәсіптік білім алу мүмкіндіктері таныстырылды. Педагогтер оқу үдерісінің ерекшеліктері, өндірістік практикадан өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Жоғары сынып оқушылары пікір алмасуға белсенді қатысып, оқуға қабылдау шарттары, студенттік өмір және кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер жастардың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етіп, мектеп оқушыларының болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына көмектеседі.




