«СтартПрофи – Shygys » жобасы: колледждің Марқакөл ауданындағы кәсіби бағдар беру жұмысы
«СтартПрофи – Shygys» мобильді стенд-моб тобы Өскемен экономика және техника колледжінің Марқакөл ауданында кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастырып, жергілікті мектептердің 9–11 сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.
Іссапар барысында оқытушылар колледждің даярлық бағыттарын таныстырып, өңірде сұранысқа ие мамандықтар, мемлекеттік грант негізінде білім алу мүмкіндіктері және қабылдау талаптары туралы ақпарат берді. Оқушыларға студенттік өмір туралы бейнематериалдар көрсетіліп, зертханалар мен оқу-өндірістік шеберханалардың жұмысы, тәжірибеден өту тәртібі және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді. Оқушылар шағын кәсіби сынамаларға қатысып, кәсіби қызығушылыққа арналған анкеталарды толтырды, жеке сұрақтарын қойып, мамандық таңдау бойынша кеңес алды.
Осындай кездесулер оқушылардың саналы кәсіби таңдау жасауына ықпал етіп, өңірдегі білім беру ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтады.



