Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткен Республикалық кәсіби шеберлік форумы аясында аймақаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің тәжірибесін арттыру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және заманауи білім беру технологияларын енгізуді ынталандыру болды.
Осы байқауда Өскемен экономика және техника колледжінің өндірістік оқыту шебері Манарбекұлы Шыңғыс жоғары нәтиже көрсетіп, «Автокөлікті техникалық қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу» құзыреттілігі бойынша II орынды иеленді.
Бұл жетістік – колледж педагогикалық ұжымының жоғары кәсіби деңгейі, тәжірибеге бағытталған сапалы оқыту мен еңбексүйгіштігінің нәтижесі болып табылады.

Поделиться: