ӨСКЕМЕН ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ТЕХНИКА КОЛЛЕДЖІ
Колледж тарихы
Өскемен экономика және техника колледжі (бұрынғы Өскемен экономика және қаржы колледжі) 1943 жылыэкономикалық бейіндегі мамандарды даярлау мақсатында құрылған оқу орны болып табылады.
2001 жылдың желтоқсан айында колледждің атауы Өскемен экономика және қаржы колледжі болып өзгертілді. Бұл өзгеріс экономика, бухгалтерлік есеп және қаржы салаларындағы мамандықтардың кеңеюін айқындады.
2010 жылдан бастап колледж Қазақстан-Американдық еркін университетінің (ҚАЕУ) құрамына енді. Бұл қадам халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыруға, сондай-ақ шетелдік тәжірибені оқу процесіне енгізуге мүмкіндік берді.
2025 жылдың қаңтар айында колледждің атауы Өскемен экономика және техника колледжі болып қайта өзгертілді. Бұл шешім оқу бағдарламаларының кеңеюімен және техникалық бағыттардың енгізілуімен байланысты болды.
Колледж туралы
Өскемен экономика және техника колледжі — уақыт сынынан өткен, өзінің бәсекеге қабілеттілігін және білім беру қызметтерінің сапасын дәлелдеген заманауи оқу орны.
Колледж Өскемен кооперативтік техникумының құқықтық мұрагері болып табылады және өңірдегі бизнес-білім беру саласындағы көшбасшы колледждердің бірі саналады. Оқу орны Халықаралық қаржы мектептері лигасының мүшесі және «Еуропалық сапа колледжі» атағына ие.
Педагогикалық ұжым
Колледждің педагогикалық ұжымы — кәсібилігі жоғары, ынтымағы жарасқан команда. Олардың қатарында халықаралық, республикалық және облыстық конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.
Оқытушылар заманауи білім беру технологияларын белсенді енгізіп, студенттердің тәжірибелік дағдыларын мен кәсіби құзыреттіліктерін дамытады. Бұл түлектердің табысты жұмысқа орналасуына және әрі қарай білімін жалғастыруына мүмкіндік береді.
Байланысты оқу орындары
Колледж Қазақстан-Американдық еркін университетімен тығыз байланыс орнатқан. Бұл студенттерге қысқартылған бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуын жалғастыруға және халықаралық білім беру жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.
