Жұмысшы мамандықтар жылы: колледж облыстық байқаудың жүлдегері

2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылына орай ШҚО білім басқармасының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Мамандықтар жаршысы» атты облыстық байқау өтті. Байқау нәтижесінде біздің колледж — Өскемен экономика және техника колледжі үздік ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын ұсынып, ІІ орынға ие болды. Бұл жетістігіміз үшін ШҚО білім басқармасының дипломымен марапатталдық.

Колледждің ақпараттық қызметі — оқу орнының жаңалықтарын сапалы жариялау, мамандықтардың маңыздылығын көрсету, студенттердің жетістіктері мен жобаларын көпшілікке таныстыру, сондай-ақ жұмысшы мамандықтарды насихаттау бағытында белсенді жүргізіліп келеді.

Аталған жүлде — ұжымымыздың кәсіби шеберлігі мен жүйелі еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да колледжіміз жастар арасында техникалық және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, кәсіби бағдар жұмыстарын жандандыру бағытында табанды жұмысын жалғастыра бермек.

 

Поделиться: