«Inovate IT» облыстық олимпиадасында колледж

студентінің жетістігі

 

Шығыс Қазақстан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Inovate IT» облыстық олимпиадасы өтті. Біздің колледждің студенті Данил Благодетелов жоғары нәтиже көрсетіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды.

Олимпиада ақпараттық технологиялар саласындағы білім мен дағдыларды дамытуға, студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға және кәсіби даярлығын арттыруға бағытталған. Байқау барысында қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, заманауи IT бағыттары бойынша өз құзыреттерін көрсетті.

Данил жоғары дайындық деңгейін, жауапкершілігін және кәсіби шеберлігін көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Бұл жетістік – студенттің жеке еңбегінің ғана емес, сонымен қатар оқытушылардың үйлесімді жұмысының нәтижесі. Колледж ұжымы Данилды лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.

Поделиться: