Республика күні — ел үшін маңызды тарихи оқиға
Өскемен экономика және техника колледжінде Қазақстан Республикасының күніне арналған сынып сағаттары өткізілді. Бұл — елдің тәуелсіздігі мен егемендігін айқындайтын маңызды мемлекеттік мереке.
Іс-шаралар барлық оқу топтарында ұйымдастырылып, студенттердің патриоттық рухын, азаматтық санасын және Қазақстанның тарихы мен рухани құндылықтарына деген құрметін қалыптастыруға бағытталды. Оқушыларға 25 қазанның тарихи маңызы, мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері мен Қазақстанның даму жолы туралы ақпарат берілді.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, баяндама жасады және тақырыптық презентациялар дайындады. Кейбір топтарда интерактивті викториналар, бейнематериалдар көру және мемлекеттік рәміздер мен ел тарихындағы маңызды оқиғаларды талқылау ұйымдастырылды.
Осындай сынып сағаттарын өткізу жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға және Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал етеді.

Поделиться: