Жалпы білім беретін пәндер онкүндігі: Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған әдеби кеш
Жалпы білім беретін пәндер онкүндігі аясында колледжде «Мұқағали Мақатаев — поэзия тұлпары» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сеитова М.Т. ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен таныстыру, білім алушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарды насихаттау болды. Кездесу барысында студенттер ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы мәлімет алып, оның әсерлі өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Қатысушылар Мұқағали Мақатаев поэзиясының ерекшеліктерін талқылап, оның шығармаларында көрініс тапқан Отанға деген сүйіспеншілік, адамгершілік, өмірдің мәні мен шынайы адамдық сезімдер сияқты терең тақырыптарға назар аударды. Кеш барысында әдеби композициялар ұсынылып, поэзия кеші мазмұнды әрі әсерлі атмосферада өтті.
Осындай шараларды өткізу студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мәдени мұраға деген құрметін қалыптастыруға және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал етеді.








