
Өскемен экономика және техника колледжінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға белсене қатысты.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы базасында ұлы ұстаздың есімі берілген оқу кабинеті ашылды. Салтанатты іс-шараға Нұрғалиевтер әулетінің өкілдері, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері мен институттың оқытушылар құрамы қатысты.
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасын насихаттау, оның отандық білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесін айқындау, сондай-ақ ұлттық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында форум өтті.
Форум қатысушылары «Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің жаңашыл идеяларының дамуы» атты көрмемен танысып, «Аңыз адам» атты деректі фильмді тамашалады.
Колледж өкілдері ұлы ұстаздың есімін ұлықтауға арналған бұл іс-шараларға қатысу кәсіби тұрғыдан дамуға, білім беру үдерісіне инновацияларды енгізуге және қазақстандық білім беру дәстүрлерін сақтауға зор серпін бергенін атап өтті.
 
              