Жұмысшы мамандықтар жылы: АО «Казцинк» базасында студенттердің дуалды оқытуы мен өндірістік практикасы
Өскемен экономика және техника колледжінде «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының студенттері мен өңірдегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі —«Казцинк» АҚ өкілдерінің кездесуі өтті. Колледж бен кәсіпорын арасында өндірістік практиканы ұйымдастыруды, жұмыс берушінің білім беру үдерісіне қатысуын және түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді көздейтін ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалған.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі мен нақты экономика секторы арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталды.
Кездесу барысында кәсіптік бағдар беру, түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ АО «Казцинк» кәсіпорындарында практикадан өту мәселелері талқыланды. Компания өкілдері сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар, жас мамандарға қойылатын талаптар, еңбек жағдайлары және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы баяндады.
Сондай-ақ теориялық оқытуды өндірістік тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беретін дуалды оқыту жүйесіне ерекше назар аударылды. Бұл формат студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еңбек нарығына бейімделуіне ықпал етеді.
Мұндай кездесулер заманауи өнеркәсіп талаптарына сай білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады және студенттердің кәсіби жолын саналы түрде таңдауына жағдай жасайды.




