Жан күйзелісі және уақыт

31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, студенттер «Жан күйзелісі және уақыт» атты тақырыпта шараға қатысты. Онда қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегін жастарға үлгі етіп, Гүлнар Міржақыпқызы Дулатованың  «Алаштың сөнбес жұлдыздары», Сара Камеронның  «Аштық жайлаған дала»,  «Аманаты Алаштың» т.б. кітаптарымен танысты. Сонымен қоса ашаршылық пен әйгілі Созақ көтерілісі туралы қысқа метражды «Зұлмат» фильмі назарларына ұсынылды.

Поделиться: