WorldSkills-2025: колледж студенттері өңірлік чемпионатқа қатысуда
2025 жылғы 12 мамырда Өскемен қаласында WorldSkills өңірлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті. Бұл беделді шараның басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және жастардың кәсіби дағдыларын дамыту.
Өскемен экономика және техника колледжі 13-15 мамыр аралығында өтетін чемпионатқа келесі бес құзыреттілік бойынша қатысады:
- Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету
- Кузовты жөндеу
- Графикалық дизайн
- Мобильді қосымшаларды әзірлеу
- Веб-дизайн және әзірлеу
WorldSkills чемпионатына қатысу – студенттер үшін теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға, құнды тәжірибе алуға және болашақ кәсіби мансаптарын құруға үлкен мүмкіндік. Сонымен қатар, бұл шара өңірдегі кәсіби білім беру сапасының артуына және оның беделінің көтерілуіне септігін тигізеді.
Чемпионат ұйымдастырушылары мен колледж өкілдері студенттердің бұл байқауға қатысуы олардың кәсіби қалыптасуында маңызды қадам болатынына және одан әрі дамуына серпін беретініне сенім білдірді.