Колледжіміздің түлектері Өскемен экономика және қаржы колледжінің абыройын асқақтатып келеді.

2021 жылдың 2 желтоқсанында университет командасының құрамында «Ақпараттық бағдарламалар» білім беру бағдарламасы бойынша ҚАЕУ-де оқуын жалғастырып жатқан Өскемен экономика және қаржы колледжінің түлектері Бутко Александр және Косенко Павел Алматы қаласында өткен робототехникадан екінші республикалық чемпионатқа қатысты. Университет командасы республикадағы 13 жоғары оқу орнының арасында екінші орынды иеленді.

Біз студенттеріміздің жетістігін мақтан тұтамыз және оларға табыс пен жеңістер тілейміз!

Поделиться: