• Се. Jul 2nd, 2022

TED – X форматындағы кездесу

Өскемен экономика және қаржы колледжі ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» Жолдауын түсіндіру бойынша Ted – X форматындағы кездесуге қатысты. Колледж атынан спикер болып, жастар ісі жөніндегі Комитеттің төрағасы, студент лидері, Марат Ықылас ұсынылды.

Ол «Сайлау процесін жаңғырту» бағыты бойынша сөз сөйледі. Спикерді қолдауға жастар ісі жөніндегі Комитет мүшелері келді. Шара қорытындысы бойынша Марат Ықыласқа алғыс хат табысталды.

Поделиться: