Әлеуметтік серіктестермен кездесу

2022 жылдың 26 сәуірінде Өскемен экономика және қаржы колледжінде дуальді оқыту аясында әлеуметтік серіктестермен кездесу өтті. «Олимп КДЗ» ЖШС ШҚО филиалының коммерциялық директоры Малюгина Елена Викторовна мен аймақтық менеджер Мусин Едіге Мұратұлы «Есеп және аудит» мамандығының түлектеріне кәсіпорын құрылымы, медициналық мекеме жұмысының ерекшеліктері, «ОЛИМП КДЗ» филиалына жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы айтып берді. Әңгіме студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Сұрақтар мекеме жұмысының ерекшелігіне және ондағы жұмыс жағдайларына қатысты болды.

Поделиться: