Мен – кәсіпкер» колледжішілік бизнес-жобалар байқауы
2025 жылғы 27 ақпанда колледжде 1, 2 және 3 курс студенттері арасында колледжішілік «Мен – кәсіпкер» бизнес-жобалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – кәсіпкерлік дағдыларды дамыту, креативті ойлау қабілетін қалыптастыру және жастардың бизнес қызметіне деген қызығушылығын арттыру.
Студенттер қазіргі заманғы нарық талаптарын ескере отырып әзірлеген түпнұсқа идеялар мен жобаларды ұсынып, жоғары дайындық деңгейі мен шығармашылық көзқарасын көрсетті.
Жобаларды бағалау барысында қазылар алқасы келесі критерийлерге назар аударды: идеяның өзектілігі, экономикалық негіздемесі, жаңашылдығы, практикалық іске асырылуы және қатысушылардың презентациялық дағдылары.
Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: Куликова Анастасия (ғылыми жетекші Клиновицкая Т.Г.), Мұратқан Саян (ғылыми жетекші Тлеулесова Г.Ж.), Воробьева Анастасия (ғылыми жетекші Еримбетова А.Н.).
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және келесі кезеңде сәттілік тілейміз!