«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында Өскемен экономика және қаржы колледжінің кітапханасы «Туған тілім – бабам тілім – өз тілім» тақырыбында кітап челленджін өткізді. Бұл шараның мақсаты – жас ұрпақты өз ана тіліне, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу; халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы мемлекеттік тілді білуге, отансүйгіштікке баулу. Студенттер қазақ халқының белгілі ақындарының танымал өлеңдерін орындады.

Поделиться: