Өскемен экономика және техника колледжінің студенттері облыстық олимпиада жүлдегерлері атанды

 

Біздің колледждің студенттері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 курс студенттері арасында өткен жалпы білім беру пәндері бойынша облыстық олимпиадада оқу орнымыздың намысын абыроймен қорғады.

Жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсеткен студенттер түрлі пәндер бойынша жүлделі орындарға ие болды. Бұл жетістіктер студенттердің табандылығы мен колледж оқытушыларының кәсіби қолдауының нәтижесі болып табылады.

 

Жүлдегерлер мен жетекшілер тізімі:

 

– Камалбек Аликожа — III орын, пәні математика (жетекшісі — Панкратова С.Ю.)

– Жалғасқызы Еңлік — III орын, пәні информатика (жетекшісі — Мұратқызы А.)

– Карамышева Камила — III орын, пәні қазақ тілі мен әдебиеті (жетекшісі — Сеитова М.Т.)

– Махмудиянов Абдулмалик — III орын, пәні ағылшын тілі (жетекшісі — Зарылканова Д.Д.)

– Атантаев Исмаил — III орын, пәні география (жетекшісі — Ришатқызы Ж.)

Студенттерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз және қатысушыларды жоғары деңгейде дайындаған оқытушыларға алғыс білдіреміз!

Поделиться: