ӨЭжҚК студенттері Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Өскемен экономика және қаржы колледжінің студенттері Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер мен батырларыдың «Жеңіс» мемориалдық кешенінде «Батырларымыздың ерлігіне тағзым етейік» атты патриоттық акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – ҰОС-да қаза болған жауынгерлер мен батырларыға құрмет көрсету, соғыс жылдарындағы оқиғаларды есте сақтап, гүл шоқтарын қою. Іс-шараға қатысушылар майданда және тылда ерлік жасағандардың есімдерін ұмытпай, әскери тақырыпта өлеңдер оқыды, сондай-ақ бізге бейбіт аспан сыйлағандардың барлығын бір минут үнсіздікпен еске алды.

Студенттер соғыстан оралмаған барлық сарбаздарға, Отан үшін шайқаста қаза тапқандардың барлығына құрмет көрсетіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Поделиться: